Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Тоқаев «Астрахан-Маңғыстау» су құбырын жаңғыртуды тапсырды

22 Апреля 2021 14:58

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Астрахань-Маңғышлақ» су құбырын жаңғырту қажет. Бұл туралы бүгін Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Су – аймақтың орнықты дамуы үшін қажетті басты ресурстың бірі. Алайда, Жайық өзені қатты тартылып, оның экологиялық ахуалы күннен күнге нашарлап барады. Бұл мәселе онсыз да ауыз суға мұқтаж болып отырған жергілікті тұрғындарды толғандырып отыр. Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер де үлкен қиындықтарға тап болып жатыр. Біз Жайық өзені аңғарының экожүйесін сақтау жөнінде 2024 жылға дейінгі Қазақстан-Ресей ынтымақтастығы туралы бағдарлама қабылдадық. Үкімет осы бағдарламада көзделген іс-шараларды уақтылы қаржыландыруы керек. Сонымен бірге, Ресей жағымен бірлесіп, жедел шаралар қабылдауы қажет», - деді ҚР Президенті.

Мемлекет басшысының дерегінше, бүгінде облыс тұрғындарының бір бөлігі және өңірдегі бірқатар ірі мұнай өндіруші компания «Астрахан-Маңғыстау» магистралды су құбырының суын тұтынып отыр. Ал ұзындығы 1 мың шақырымнан асатын құбыр бүгінде 80 пайызға тозған.

«Осыған байланысты тек Атырау ғана емес, аталған су құбырын пайдаланып отырған Маңғыстау облысына да су беруде шектеулердің орын алу ықтималдығы жоғары. Бұл бүкіл тұрғынды алаңдатқан, қордаланған мәселе. Оны шешетін уақыт жетті. Үкімет пен «Самұрық-Қазына» қорына «Астрахан-Маңғыстау» су құбырын жаңғырту және жаңартуды қамтамасыз етуді тапсырамын»,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Наверх