Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Токио-2020: Қазақстандық спортшылардан кімдер 24 шілдеде жарыс жолына шығады

23 Июля 2021 21:19

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жапонияның Токио қаласында өтіп жатқан XXXII Жазғы Олимпиада ойындарында 24 шілдеде қазақстандық спортшылар спорттың жеті түрінен сынға түседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Велоспорттан Қазақстан ерлер құрамасы (Дмитрий Груздев, Алексей Луценко, Вадим Пронский) топтық кезеңде жарыс жолына шығады.

Келесі кезекте дзюдодан Отгонцецэг Галбадрах және Елдос Сметов алдымен іріктеу кезеңінде татами төрінде тайталасқа түседі. Одан сүрінбей өткен жағдайда кешке жүлдеге таласады.

Ал бокстан Серік Теміржанов шаршы алаңда алғашқы жекпе-жегін өткізеді. Сондай-ақ, теннистен Александр Бублик, Андрей Голубев, Елена Рыбакина және Зарина Дияс жекелей және жұптық сында қарсыластарымен шеберлік байқасады.

Спорттық гимнастикада Милад Карими сайысқа түссе, суға жүзуде Дмитрий Баландин, үстел теннисінде Анастасия Лаврова ел намысын қорғайды.

Қазақстандық спортшылардың 24 шілдедегі ойын көрсету кестесі:

08:00 Велоспорт. Ерлер. Топтық жарыс Дмитрий Груздев, Алексей Луценко, Вадим Пронский

08:00 Дзюдо. Ерлер. 60 келі Елдос Сметов

08:00 Дзюдо. Әйелдер. 48 келі Отгонцецэг Галбадрах - Янань Ли (Қытай)

08:00 Теннис. Ерлер. Жекелей сын. Александр Бублик - Даниил Медведев (Ресей)

08:00 Теннис. Әйелдер. Жекелей сын. Зарина Дияс - Барбора Крейчикова (Чехия) Елена Рыбакина - Саманта Стосур (Австралия)

08:00 Теннис. Ерлер. Жұптығ сын. Александр Бублик / Андрей Голубев - Жереми Шарди / Гаэль Монфис

09:18 Бокс. Ерлер. 57 келі. Серік Теміржанов - Роланд Галош (Венгрия)

11:30 Спорттық гимнастика. Ерлер. Кермедегі жаттығу. Милад Карими

17:35 Суға жүзу. Ерлер. Брасс. 100 метр. Дмитрий Баландин

18:00 Үстел теннисі. Әйелдер Анастасия Лаврова - Мария Сяо (Испания).

Еске салсақ, 23 шілдеде Жазғы Олимпиаданың ашылу салтанаты өтті.


Автор Әділжан Үмбет
Ключевые слова: Олимпиада, Спорт, Жапония,
Наверх