Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркістан облысында екі жеңіл көлік соқтығысып, 7 адам мерт болды

20 Июня 2021 14:31

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында полиция қызметкерлері 7 адам қаза тапқан жол-көлі оқиғасына байланысты тереуді бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін Созақ ауданының Екпінді-Бірлік автожолының 144-531 шақырымында екі жеңіл автокөлік соқтығысты. Бұл туралы хабарлама аудандық полиция бөлімінің 102 пультіне сағат 11.20-да келіп түсті. Оқиға орнына бірден облыстық Полиция департаментінің криминалистері мен жедел тергеу тобы шықты. Полиция қызметкерлері «Лада-Приора» мен «Фольксваген-Гольфтің» соқтығысқанын анықтады. Оқиға орнында 2 жеңіл көлік жүргізушісі мен 5 жолаушы көз жұмды. Ал жарақат алған 1 адам аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды.

Аталған жайт аудандық сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиға орнында тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция қызметкерлері қаза болғандардың кім екенін, жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайын анықтауда.


Ключевые слова: Оқиға, Көлік, Түркістан облысы,
Наверх