Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркістан облысында соғыс ардагерлеріне арналған аллея ашылды

7 Мая 2021 23:18

КЕЛЕС. ҚазАқпарат - Келес ауданында Ардагерлер аллеясы мен Ауғанстан соғысы және тәжік-ауған қақтығысына қатысқан ардагерлеге арналған ескерткіш-монументтің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аллея «Nur Otan» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында қолға алынған. Шара Отан қорғаушылар және Жеңіс күні мерекесіне арналды.

Жиында Келес ауданының әкімі, «Nur Otan» партиясы Келес аудандық филиалының төрағасы Ақментай Есбаев, ТМД жанындағы интернационалист жауынгерлер коммитеті төрағасының орынбасары, ҚР «Ауғанстан және жер-жердегі соғыс ардагерлері» одағының төрағасы Шәріпбай Өтегенов және өзге де ардагерлер ескерткіш-монументті ашып, мәңгілік алауды жақты.







Аудан имамы Айдар Садықов қаза болған соғыс ардагерлеріне Құран бағыштады.

Аудан әкімі Ақментай Есбаев жиылған қауымды Отан қорғаушылар және Жеңіс күні мерекелерімен құттықтады.

Іс-шараға келген мәртебелі қонақтар да мерекемен құттықтап, жүрекжарды тілектерін жеткізді.

Қонақтар мен ардагерлер жаңа ашылған ескерткіш-монументке гүл шоқтарын қойып, қаруластарын еске алды.





Ключевые слова: Түркістан облысы, Жеңіс күні, Аймақ, Экология,
Наверх