Погода
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары тағайындалды

27 Мая 2022 15:07

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жаннат Дүбірова Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары болып тағайындалды. Ол ақпараттық технологиялар, статистикалық деректерді жинау және өңдеу процестерінің әдіснамасы мен автоматтандырылуы, Data менеджментті дамыту және өзгерістерді басқару мәселелеріне жетекшілік етеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі сайтына сілтеме жасап.

Жаннат Дүбірова бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі iKOMEK109 қалалық орталығының басшысы болып жұмыс істеген. Квазимемлекеттік және жеке секторларда, оның ішінде консалтинг саласында PwC-де жұмыс тәжірибесі бар.

«Bimash» ЖШС мета-деректер әкімшісі, жобалар жетекшісі, «Цеснабанк» АҚ IT департаменттің бас менеджері, ENRC Group өндіріс IT менеджері, IT директордың орынбасары, «PricewaterhouseCoopers» ЖШС кеңесші менеджер, «Астана Innovations» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болды.

2017 жылғы желтоқсаннан бастап осы уақытқа дейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі «Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы» МКК басшысы қызметін атқарды.

2008 жылы Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген, техника және технология бакалавры. Ұлыбританиядағы Манчестер университетінің Ақпараттық технологиялар және IT Менеджмент магистрі (2015 жыл).

Президенттік Жастар кадрлық резервінің мүшесі (2019 жыл).


Наверх