Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ыстықкөлде нөсер жауыннан кейін сел жүріп, ауылдарды су басты

30 Июля 2021 16:28

БІШКЕК. Кабар-ҚазАқпарат - Қырғызстанның төтенше жағдайлар министрі Ыстықкөлдегі су тасқынының салдарын бақылауында ұстап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Оның мәліметінше, бүгін, 30 шілде сағат 04:30 шамасында Балықшы қаласы мен Кескен-Бел асуында, Тон ауданының Қара-Шаар және Оттук ауылдарында нөсер жаңбыр жауған.

Ішкі жолдар мен арықтар құм мен қиыршық тасқа толып, тұрғын үйлерді су басқан.

Ыстықкөлден оңтүстікке қарай 35 км жерде жол учаскелері сел тасқынынан зардап шекті. Көлдің солтүстігіндегі жол ашық.

Қазіргі уақытта оқиға орнында төтенше жағдайлар министрі Б. Әжікеев, Президенттің Ыстықкөл облысындағы өкілетті өкілінің бірінші орынбасары У. Далиев, құқық қорғау басқармасының бастығы К. Энтериев, сондай-ақ Ыстықкөл облысы бойынша ТЖМ басқармасының бастығы Замирбек Жұмағазиев жүр.




Төтенше жағдай министрлігінің Тон аудандық бөлімінде 7 құтқарушы, 20 милиция қызметкері, 1 Хово, 1 МТЗ-82, 2 тиегішті пайдалана отырып, 15 жергілікті тұрғын су тасқынының салдарын жою бойынша жұмыс істеуде.

Сонымен қатар Кескен-Бел ауылындағы жолды тазарту үшін Жол-эксплуатация мекемесінен 4 қызметкер және 1 грейдер жұмылдырылды.

Оттук ауылында 50-ден астам үй мен бау-бақша су астында қалды.

Су басқан жерлерде 100-ге жуық жергілікті тұрғын және азаматтық қорғаныс қызметінің 30 қызметкері жұмыс істейді.








Наверх