Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жамбыл облысында үш айда 3 ана өлімі тіркелген

30 Апреля 2021 09:32

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында биылғы бірінші тоқсанда 3 ана өлімі тіркелді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Хамит Мырзақасымов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбыл облысында биыл медициналық құрал-жабдықтар сатып алуға 2,477 млрд қаражат бөлінді. Оған емдеу-алдын алу ұйымдарына 120 дана медициналық құрал-жабдық алу жоспарланған.

Ол брифингте «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасының орындалуы бойынша түрлі бағыттарға тоқталып өтті.

Меджабдықтар алу бағдарламадағы 70-ші бағытқа жатады. Жалпы, Жол картасында денсаулық сақтау саласына қатысты 12 тармақ бар.

«Жол картасы бойынша жұмыстарға тоқталар болсам, бүгінде Тараз қаласында 200 төсек-орындық облыстық онкологиялық диспансер салынуда. Оның құрылысы 2018 жылдың қараша айында басталған. Сондай-ақ, облыс бойынша жалпы өлім-жітім көрсеткішін төмендету, нәресте өлім көрсеткішін азайту бойынша атқарылатын жұмыстарға арналған тармақтар бар. Жалпы, ағымдағы жылдың 1 тоқсанында өңірде 3 ана өлімі тіркеліп, көрсеткіш - 45,0-ді құрады», - деді Х.Мырзақасымов.

Сонымен қатар, Жол картасында жедел медициналық көмекті цифрландыруға, жасанды интеллектті енгізуге, сондай-ақ, телемедицина арқылы онлайн-консультациялар санын арттыруға да айрықша назар аударылған. Ол бойынша биыл жедел медициналық көмекті цифрландыру жұмыстарын 70 пайызға жеткізу және 550 консультациялық кеңес өткізу жоспарланған. Бұдан бөлек Таразда қаласы Қарасу тұрғын алабындағы «Денсаулық» аллеясын абаттандыру жұмысына да ден қойылған. Онда пандемия кезінде қайтыс болған медицина қызметкерлеріне мемориалдық тақта орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде.




Наверх