Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жамбыл облысында жол апатының саны 17,4 пайызға артты

23 Июня 2021 07:24

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында жол-көлік оқиғаларының саны 17,4 пайызға көбейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбыл облысыполиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов облыстық полиция департаментінде «Nurline» компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесуге облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Бақытжан Жәнібеков, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ облыстық филиалы директорының орынбасары Дәурен Төлтаев қатысты.

«Nurline» компаниясының өкілдері жол қозғалысы ережелерін бұзуды бейнетіркеу жүйесінің тұсаукесерін өткізді.

Жанат Сүлейменов мұндай жүйелерді орнату жол қозғалысына қатысушылардың тәртібін жақсартуға, өңірдегі апаттылық көрсеткіштерін төмендетуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Бұл мәселе біздің өңір үшін өзекті, өйткені облыс аумағы арқылы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тасжолы өтеді, ол арқылы ондаған мың транзиттік автокөліктер жүреді», – деді Жанат Сүлейменов.

Статистика көрсеткендей, көптеген апаттардың себебі - адами фактор. Мәселен, ағымдағы жылдың бес айында облыста жол апатының саны 17,4 пайызға көбейді.

Оның ішінде жүргізушілердің кінәсінен болған жол-көлік оқиғаларының саны 15,7 пайызға, ал транзиттік көлік жүргізушілерінің қатысуымен 74,4 пайызға артқан.

«Бұл бағытта жамбылдық полицейлер профилактикалық жұмысты күшейтті. Сондай-ақ талдау жүргізіліп, жол қозғалысын қадағалауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ақпараттық технологияларды енгізу арқылы мәселені шешудің түрлі әдістері қаралды», – деп атап өтті Жанат Сүлейменов.

Автор Сая Сембай
Ключевые слова: Жамбыл облысы, Көлік, Жол, Оқиға,
Наверх