Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жамбылда қоғамдық көлік жүргізушілері бір аптада жол ережесін 1000-нан аса рет бұзған

20 Июня 2021 08:42

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасы қорытындыланды,- деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс аумағында өткен республикалық жедел алдын алу іс-шарасының бір аптасының барысында көліктік бақылау инспекциясының аумақтық бөлімшелерімен және өзге де мүдделі органдардың өкілдері бірлесіп, полиция қызметкерлері жолға шығар алдында қалалық автобустардың техникалық жай-күйін, жүргізушілердің тіркеу құжаттарының бар-жоғын тексерді.

Іс-шараны өткізу кезеңінде облыста қоғамдық көлік жүргізушілері тарапынан жасалған жол қозғалысы ережелерін бұзудың 1 132 дерегі анықталды.

«155 автобус жүргізушісі маневр жасау ережелерін бұзса, 156 жүргізуші көлік жүріп келе жатқанда телефонды пайдаланған. Жылдамдық режимін арттырудың- 156 дерегі, жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзудың -16 дерегі, көлік құралын заңсыз қайта жабдықтаудың – 22 дерегі және жолаушыларды сақтандырусыз тасымалдаудың 35 дерегі анықталды. Сонымен қатар, техникалық ақаулары бар автокөліктерді жұмысқа қосқаны үшін автобус парктерінің 14 лауазымды тұлғасы әкімшілік жауапқа тартылды. 11 автобус айып тұрағына қойылды», – дейді Жамбыл облысының ПД жергіліт полиция қызеті басқармасы бастығының орынбасары Құттыбаев Жайдар.


Автор Сая Сембай
Ключевые слова: Жамбыл облысы, Көлік, Аймақ,
Наверх