Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жаңа қаулы: Павлодарда вакцина алмаған кәсіпорын жұмысшылары жұмыстан шеттетіледі

20 Сентября 2021 17:31

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Павлодар облысының бас санитар дәрігері өнеркәсіп кәсіпорындарының вакцина алмаған қызметкерлерін штаттық жұмысқа жібермеу туралы қаулы шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өнеркәсіп кәсіпорындарының COVID-19-ға қарсы вакцина алмаған жұмыскерлерін күндізгі режимде жұмысқа жіберу шектелсін. Бұл ретте ұйымдарың екпе алмаған қызметкерлеріне 7 күнде бір рет ПТР-тесті тапсыруға міндеттелсін», - деп жазылған қаулы мәтінінде.

Өңірлік бас санитардың мұндай шешім қабылдауы ҚР бас санитар дәрігерінің №38 қаулысына сәйкес келеді.

«Осы қаулының 1-тармағының 1) тармақшасына енгізілмеген ұйымдардың/объектілердің COVID-19-ға қарсы вакцина алмаған жұмыскерлерін күндізгі режимде жұмысқа жіберуді шектеу туралы шешімді қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты өңірлік жедел штабтар қабылдайды», - деп жазылған ол қаулыда.



Автор Есімжан Нақтыбай
Ключевые слова: Медицина, Коронавирус, Карантин,
Наверх